Астанада 17 миллиард теңгеге жаңа стадион салынады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 наурыз, 2025
- 189

Астанадағы Қ. Мұнайтпасов атындағы ескі стадионның орнына жаңасын салуға Арнаулы мемлекеттік қордан 17,3 млрд теңге қаражат бөлу туралы шешім қабылданды, - деп хабарлайды Jambylinfo.кz
Қ. Мұнайтпасов атындағы орталық стадион 1936 жылы салынған. Қазіргі таңда ескі ғимарат жарамсыз болғандықтан толығымен бөлшектелген.
Үкімет басшысы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы жаңа стадионға қаржы қайтарылған активтерден жұмсалады. Кешеннің құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
Елордада бой көтеретін спорт нысаны 3598 орынға есептелген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындар да қарастырылған.
Жаңа стадион UEFA халықаралық стандарттарына сай салынады. Құрылыс аяқталғаннан кейін нысанды Астана әкімдігінің №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беру көзделген.