сейсенбі, 18 наурыз, 2025 22:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді

Елімізде заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қаржылық мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізіп, заңсыз лотерея ұйымдастырғандарды анықтады. Нәтижесінде, 2024 жылдың ақпанынан бері 106 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 46 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.

-  Қазақстан Республикасының «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңына сәйкес, лотерея операторы немесе оның агенті болмаған адамдарға лотерея өткізуге тыйым салынады. Лотерея қызметін заңсыз ұйымдастыру бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 445-1-бабына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған. Егер рұқсатсыз лотерея ұйымдастырылса, заң бойынша 100-ден 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, ал түскен табыс тәркіленеді,- делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар