жұма, 25 шілде, 2025 5:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшісі ер адамды ажалдан арашалап қалды

Астанада Ұлттық ұланның әскери қызметшісі ер адамды ажалдан арашалап қалды
ашық дереккөз
Елордадағы көпірде орын алған төтенше жағдай кезінде ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Достық Жақсылық шұғыл әрекет етіп, адамның өмірін сақтап қалды.

Оқиға түнгі уақытта Көктал көшесіндегі «Сарқырама» көпірінде тіркелген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 1996 жылы туған азамат ауыр психологиялық жағдайда болып, өмірімен қош айтыспақ болған.

Осы сәтте оқиға орнынан өтіп бара жатқан әскери қызметкер жағдайдың шын мәнінде күрделі екенін байқап, бірден әрекетке көшкен. Ол ер адаммен әңгіме орнатып, назарын басқа жаққа бұруға тырысқан. Сол мезетте жанына келген тағы бір азаматтың көмегімен ер адамды қауіпсіз жерге тартып шығарған.

Осылайша, Ұлттық ұлан жауынгері батылдық танытып, бір жанды ажал аузынан арашалап қалды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар