Жаңалықтар
Қазақстандық семсершілер Азия чемпионатының финалына жолдама алды
- авторАрайлы Жақсылық
- 21 маусым, 2025
- 544
Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы финалға шығуға мүмкіндік алды.
Команда сапында ел намысын Елмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай және Руслан Құрбанов абыроймен қорғап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тартысты кездесулердің алғашқы кезеңінде қазақстандық спортшылар 1/8 финалда Түрікменстан құрамасын 45:21 есебімен оңай жеңді. Келесі айналымда Сингапур командасынан 43:31 есебімен басым түсті.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Қытайға қарсы айқын басымдық танытып, 45:24 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, отандастарымыз финалдық сынға жолдама алып, Азияның үздік құрамаларының бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






