жұма, 25 шілде, 2025 12:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ұн, май және алкоголь қымбаттайды

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда ұн, май және алкоголь қымбаттайды
Ашық дереккөз
Келер жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда бірқатар азық-түлік пен өнімдердің бағасы көтеріледі. Сауда және интеграция министрлігі негізгі тұтыну тауарларының минималды көтерме бағаларын жаңадан бекітті.

Өзгерістер ұн, өсімдік майы, күшті алкогольді ішімдіктер мен ашытқыға қатысты болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Сарапшылар азаматтарға бағалар өспей тұрып, қажетті тауарларды алдын ала сатып алуға кеңес беріп отыр.

Қандай өнімдер қымбаттайды?

Ұн (жұмсақ бидай және спельта ұны)

Бұрынғы бағасы: 96,65 ₸/кг

Жаңа бағасы: 139,81 ₸/кг

Баға өсімі: шамамен 45%
Бұл өзгеріс үй жағдайында нан, бәліш секілді өнімдерді дайындауға тікелей әсер етуі мүмкін.

Күнбағыс майы

Жаңа баға: 594,04 ₸/кг

Баға өсімі: 61,2%
Мамандар бұл өнімді қор ретінде алдын ала сатып алуға шақырып отыр.

Алкогольді ішімдіктер

Коньяк: +21,5% → 3 282,97 ₸/литр

Арақ: +6,4% → 1 136,16 ₸/литр

Ашытқы (дрожжи)

Жаңа нақты бағасы әлі жарияланбаған, бірақ қымбаттайтыны белгілі.

Не арзандайды

Тауық жұмыртқасы

Бұрынғы бағасы: 39,38 ₸/дана

Жаңа бағасы: 37,8 ₸/дана

Яғни аздаған арзандау байқалады.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар