Жаңалықтар
Қазақстан–Қырғызстан шекарасында ірі көлемде заңсыз темекі өнімдері тәркіленді
- авторАрайлы Жақсылық
- 21 маусым, 2025
- 286

2024 жылғы 17 маусым күні Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы “Аухатты” автокөлік өткізу бекетінде 198 мың қорап заңсыз темекі өнімдері анықталып, тәркіленді.
Тексеру барысында темекілерде акцизделетін тауарларға арналған міндетті сәйкестендіру белгілері болмағаны белгілі болды.
Аталған дерек бойынша барлық материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне іс жүргізу шешімін қабылдау үшін жолданды.
Мемлекеттік кірістер комитеті шекара аумағындағы контрабандалық тауар айналымына тосқауыл қою мақсатында Шекара қызметімен бірлескен жедел алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шымкент – Бангкок: SCAT әуекомпаниясы жаңа бағытта рейс ашады
- авторСадуақас Айсұлу
- 20 тамыз, 2025