Жаңалықтар
Көкшетауда трамадол сатқан азамат пен заңсыз рецепт жазған дәрігер ұсталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 21 маусым, 2025
- 210

Көкшетау қаласында полиция қызметкерлері есірткіге теңестірілген трамадол препаратын заңсыз сатумен айналысқан 48 жастағы ер адамды ұстады.
Жеке тінту кезінде тәртіп сақшылары 130 дана трамадол таблеткасын және жергілікті дәрігер жазып берген екі рецепт тәркіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бұл рецептілердің 70 жастағы жеке медициналық мекеме қызметкері тарапынан заңсыз жазылғаны анықталды.
Күдіктіні есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары мен прокуратура қызметкерлері бірлесіп ұстады.
Тексеру кезінде дәрігердің жұмыс бөлмесінен мөрі қойылған тағы тоғыз рецепт табылған.
Аталған деректер бойынша қазіргі уақытта Қылмыстық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Алматыда шетелдік компанияларды бопсалаған хакер ұсталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
Жаңалықтар
Германия Қазақстан бағытындағы әуе қатынасын уақытша шектейді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025