Жаңалықтар
Астаналық электрик алтын бұйымдарды ұрлап кеткен
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 7 тамыз, 2024
- 436
Ол көп ұзамай қолға түсті
Елорда тұрғыны екі алтын сақинасы жоғалғаны туралы полицияға арыз түсірген ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Әйел «Бір сағаттық күйеу» қызметінен электрик келген соң алтынының жоғалғанын байқаған. «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 23 жастағы ұырын анықтады. Астана қаласының полиция департаменті түрлі сервистерден мамандарды шақыру кезінде қырағы болуды ескертті.
Алтынды ломбардқа өткізген жігіт, ақшасын жаратып қойған. Ол бұрын да дәл осы сарындағы қылмыс жасап, істі болған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған алтын бұйым иесіне қайтарылды.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024