жексенбі, 22 желтоқсан, 2024 21:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жүрегім бір жақсылықты сезіп тұр»: Бақтияр Артаев Нұрбек Оралбай чемпион болатынына сенім білдірді

«Жүрегім бір жақсылықты сезіп тұр»: Бақтияр Артаев Нұрбек Оралбай чемпион болатынына сенім білдірді
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Бүгін қазақ спорты үшін маңызды күн

Бүгін Париж Олимпиадасында 80 келі салмақта қазақ боксшысы Нұрбек Оралбай финалда украиндық былғары қолғап шебері  Александр Хижнякпен алтын медалді сарапқа салады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Жекпе-жек алдында Афина Олимпиадасының (2004 ж) чемпионы, Баркер кубогының  иегері Бақтияр Артаевтің пікірін білген едік. 

Бақтияр Артаев Париж төрінде Нұрбек Оралбайдың Александр Хижнякті жеңуге  мүмкіндігі зор екенін алға тартты. 

"Әуелі Алла ғой. Бәрін білуші, бәрін реттеуші. Ал біз адамбыз ғой, жай ғана пенде... "Адамның істегенін, адам істейді" демекші, екі адам шаршы алаңда кездесейін деп жатыр. Кімнің дайындығы мықты, кім бабында, сол адам жеңеді. Нұрбек Оралбайдың қарсыласын жеңуге барлық мүмкіндігі бар. Иә, алдында Хижняк Нұрбекті 3:2 есебімен жеңген болатын. Осы жолы мен Нұрбек бауырым жеңетініне сенімдімін", -деді ол. 

Сондай-ақ, Бақтияр Артаев бүгін Париж бозкілемінде грек-рим күресінің шебері
Демеу Жадыраевтың да финалда асығы алшысынан түсетініне кәміл сенетінін айтты. 

 "Демеу бауырымның да Олимпиада чемпионы болуға 100 пайыз мүмкіндігі бар. Ішім сезіп тұр Құдай қаласа, бүгін түнде екі батырымыз екі алтын сыйлауы керек. Осы бақытты сәтке куә болуды Алла тағала нәсіп етсін!", - деді Афина Олимпиадасының чемпионы.

Еске салайық, Нұрбек Оралбай ерлер арасында Париж Олимпиадасының жүлдесіне іліккен  жалғыз боксшы. Финалдық жекпе-жек түнгі сағат 01:51- де басталады.

Индира Тәліпқызы
Автор

Индира Тәліпқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар