Жаңалықтар
Асыл тұқымды қой сатып алуға берілген 13,5 млн теңгені жымқырған шымкенттік сотталды
- авторjambylinfo.kz
- 12 шілде, 2022
- 298
Асыл тұқымды қой сатып алуға берілген 13,5 млн теңгені жымқырған шымкенттік сотталды
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті «Агроөнеркәсіпті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Жамбыл инфо, Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.
«Мәселен, өңір тұрғыны 2020 жылы сенімхаттар негізінде 2 шаруа қожалығы атынан Шымкент қаласының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасына асыл тұқымды қой сатып алуға және жем-шөп шығындарын өтеуге 13,5 млн теңгеге өтінім берген. Алайда, сотқа дейінгі тергеу аясында асыл тұқымды қойлар сатып алынбағаны, алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге жұмсалғаны анықталды. Келтірілген залал толық өтелді», - дейді ведомство өкілі. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала