Доллар қайта қымбаттады
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 8,12 теңгеге көтерілді. Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 473,38 теңге. Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 464,85 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 473 теңге, сатып алу – 477,50 теңге. Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге. Айта кетейік, кеше Қор нарығында доллар 9 теңгеге арзандаған еді .
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз