дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атом өндірісі – бейбіт болашақтың кепілі – ардагер

Атом өндірісі – бейбіт болашақтың кепілі – ардагер
Jambylinfo фотоколаж
Жуалы ауданының құрметті азаматы Жарылқасын Тәжіханов халықты 6 қазанда өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысуға шақырды

Қазақстан – әлемдегі ең ірі уран өндіруші мемлекет. Ендеше өз жерімізде атом стансасын салуға әбден қақымыз бар дейді Жуалы ауданының Құрметті азаматы, Ақтөбе ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарылқасын Тәжіханов, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Ардагер Президенттің биылғы Жолдауында Атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын атап өтті.

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы екінші қыркүйекте Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын жаңа Жолдауын жариялағаны белгілі. Бас құжатта негізгі тоғыз бағыт-бағдармен қатар, елдегі атом электр стансасын салу мәселесі жалпыхалықтық референдум арқылы анықталатыны мәлімделген болатын. Президент Жарлығымен АЭС-тің салынуы немесе салынбауына байланысты өтетін жалпыхалықтық референдум биыл қазан айының алтыншы жұлдызына белгіленіп отыр. Ел өміріндегі маңызды шешім халықтың таңдауынан кейін ғана қабылданбақ.

Соңғы жылдары қоғамның қызу талқысына түскен маңызды тақырыптың бірі – елімізде атом электр стансасын салу мәселесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты 2023 жылы халыққа арнаған Жолдауында бұл мәселеге арнайы тоқталып, елімізде АЭС салу мәселесі референдум арқылы шешілетінін мәлімдегені бәрімізге белгілі.

Атом электр стансасын салу немесе салмау мәселесі – еліміздің болашағына қатысты аса маңызды мәселе. Сондықтан оны жалпыұлттық референдум арқылы шешкен жөн деп санаймын. Нақты мерзімін кейін анықтаймыз», деп атап өтілген.

Атом электр стансасы – электр энергиясын өндіру көзі. Елдің энергетикалық қауіпсіздігі – мемлекет экономикасының тұрақты дамуының және тұрғындардың сапалы өмір сүруінің кепілі. Қазақстанда атом электр стансасын салу мәселесін энергетиктер бірнеше жылдан бері талқылап келеді. Президент тапсырмасына сәйкес, бірнеше өңірде атом энергетикасын дамыту мен атом электр стансасын салу жайында қоғамдық кездесулер ұйымдастырылу үстінде. Басты мақсат – АЭС туралы жан-жақты ақпарат беру, тұрғындардың пікірін есту және олардың көкейкесті сауалдарына дұрыс жауап қайтару.

“Президент ерекше атап өткендей, жаһандық энергия тапшылығының өсуін ескере отырып, Қазақстан да өз кезегінде сенімді және экологиялық таза энергияның көздеріне мұқтаж. Сондықтан, атом энергетикасын дамытуға жіті назар аударудың маңызы өте зор. Атом энергетикасы болашақтың энергиясы болғандықтан, бұл – елдің бүгіні мен ертеңіне ғана емес, келер ұрпақтың жарқын болашағы үшін қажет деп білемін!  АЭС салуға байланысты жалпыхалықтық референдумның өтуі – демократиялық қадам. Бұл мәселені халықпен бірге талқылап шешудің маңызы өте зор. Осы орайда Мемлекет басшысының: «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек. Былтыр мен бұл мәселе бойынша өз пікірімді айттым, яғни, референдум тақырыбының қоғам талқысына түскеніне бір жыл болды. Бұл азаматтарымыздың жан-жақты ойланып, салмақты шешім қабылдауына жеткілікті мерзім деп ойлаймын. Сондықтан мен Үкіметтің ұсынысын қолдаймын» дегені қайсыбір мәселеде де мемлекет халықпен кеңесіп, қалың бұқараның ой-пікірімен санасады дегенін ұғу қиын емес. Біз қай кезеңде де бейбітшілікті қолдап-қуаттайтын елміз. Бейбіт атом өндірісі – бейбіт болашақтың кепілі. Президент атап өткендей, алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ.Алдағы референдумда халқымыз елдің жарқын болашағы туралы маңызды шешім қабылдайды. Сондықтан, саяси тұрғыдан дұрыс шешім қабылдау – азаматтық борышымыз! Бірге таңдау жасайық.” – дейді ол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар