Жамбыл облысында дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша оқу-жаттығу өтеді
- авторjambylinfo.kz
- 21 қыркүйек, 2024
- 361
Ағымдағы жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Жамбыл облысының аумағында Қорғаныс министрлігінің үйлестіруімен «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша кешенді ведомствоаралық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, іс-шараның мақсаты - аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің, құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының дағдарыстық жағдайларға ден қоюға дайындығын тексеру болып табылады.
"Оқу жаттығу күрделіліктің әртүрлі элементтері бар нақты жағдайларға мүмкіндігінше жақын. Осыған байланысты, азаматтарды жүргізіліп жатқан оқу іс-шараларына, автокөлік пен халық қозғалысының ықтимал уақытша шектеулеріне түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шаралары мен тыныштықты сақтауға және де мемлекеттік органдардың ресми ақпаратын басшылыққа алуға шақырамыз", - деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті шаршы алаңға шақырды
- авторjambylinfo.kz
- 21 қараша, 2024