Атырауда алабай ит ер адамды талап тастады
Атырау қаласында қабаған ит 43 жастағы ер адамды талап тастады. Қазір ол ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл туралы WhatsApp мессенджерінде видео тарады. Видео авторының айтуынша, оқиға Атырау қаласындағы Балауса шағын ауданында болған. 14-көшедегі жол бойында бейқам тұрған ер адамды алабай тұұқымдас ит талаған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, ит талаған ер адам облыстық аурухана жатыр.
«Бүгін, 19 қыркүйекте түнгі сағат 01:41-де жедел жәрдем бригасының көлігімен ер адам облыстық аурухананың травматология бөліміне жеткізілді. Зардап шегушінің жасы – 43-те. Оған ит талағаны жөнінде диагноз қойылды. Аяғы мен қолында көптеген жарақаты бар. Қазір жағдайы қалыпты», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Атырауда бұған дейін де қабаған иттер адамдарды бірнеше рет талаған дерегі тіркелген. Мәселен, биылғы 7 мамырда 5 жасар қызды ит талап тастаған.
«Кезекші дәрігер-травматологтың айтуынша, бұралқы ит баланың сол жақ бетін, жоғары және төменгі ернін бірнеше рет тістеген. Ауруханада баланың бетіндегі жарақаты тігілді. Құтыруға қарсы вакцина салынды», -деп мәлім еткен еді облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен.
Ал, Атырау қаласының тұрғыны Әсем Байжанның айтуынша, қаңғыбас ит оның балаларына да, өзіне де бірнеше рет шабуыл жасаған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024