бейсенбі, 10 шілде, 2025 18:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Атырауда оқушы лифт шахтасына құлап кетті

Атырауда оқушы лифт шахтасына құлап кетті
Фото: видеодан алынған кадр
Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр.

Атырау қаласында 11 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті. Оқиға баланың велосипедімен лифтіге кірмек болған сәтінде орын алған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  qrnews.kz cілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, лифт есіктері автоматты түрде жабылып, бала сыртта қалып, ал велосипеді есік пен лифт кабинасының арасында қысылып қалған. Осы кезде лифт жоғары көтеріле бастаған. Бала велосипедке жармасып тұрғанымен, бір мезетте қолын жіберіп алып, ашық тұрған шахтаға құлап кеткен.

Бақытқа орай, бала тірі қалып, ауыр жарақат алған жоқ. Оқиға орнына жедел жеткен медициналық қызмет оны дереу ауруханаға жеткізіп, алғашқы көмек көрсеткен.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар