жұма, 25 шілде, 2025 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

JBMO-2025: Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді

JBMO-2025: Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Қазақстандық оқушылар Балқан математикалық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) аяқталды. Қазақстан құрамасы байрақты бәсекеде өз тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Оқушылар төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алып, командалық есепте 24 елдің ішінде екінші орынға ие болды.

Жеңімпаздар:

Ануар Ағыбаев – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы

Александр Олейников – Алматы қаласындағы NurOrda халықаралық мектебінің 9-сынып оқушысы

Жәңгір Булат – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы

Батырхан Бейғанов – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы

Нұртай Мәлік – Ақтөбе облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы

Мирас Кеңесбек – Қарағанды облыстық «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы

Команданы Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских пен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова бастап барды.

JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушылар арасында өтетін халықаралық деңгейдегі беделді зияткерлік жарыс. Биыл жарысқа Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және өзге де мемлекеттердің командалары қатысты. Қазақстан бұл олимпиадаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және жыл сайын жоғары нәтиже көрсетіп жүр. Өткен жылы Түркияда өткен жарыста да команда 6 медаль иеленген болатын.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар