жексенбі, 16 наурыз, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауционға қойылған Кәрім Мәсімовтың үйі өтпей жатыр

Ауционға қойылған Кәрім Мәсімовтың үйі өтпей жатыр
Jambylinfo.kz
Сатылым 25 ақпанда өтуі керек болған, бірақ сатып алуға өтінімдер түспегендіктен аукцион мүлде өтпей қалды.

Астанада орналасқан екі қабатты зәулім үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге (шамамен 3,5 млн АҚШ доллары) болды. Саудаға қатысу үшін кепілдік жарна 117,9 млн теңгені құрады.

Еске сала кетейік, Кәрім Мәсімов бұрын Премьер-министр және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. Ол 2022 жылғы қаңтар оқиғаларынан кейін мемлекетке опасыздық жасау және мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыну айыптарымен 18 жылға бас бостандығынан айырылған.

Енді зәулім үйдің бағасы төмендей ме, әлде оны сатудың басқа жолдары қарастырыла ма деген сұрақ ашық күйінде қалып отыр.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар