Жаңалықтар
Оман елі қазақстандықтар үшін визасыз режимді ұзартады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 25 ақпан, 2025
- 191

Бұл берілген мүмкіндік 30 күнге дейін ұзарту қарастырылуда
Оман елі қазақстандықтар үшін визасыз режимді ұзартады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Біздің отандастарымыз бұған дейін осы елге 14 күнге туристік визасыз баратын.
Күн санап Оман Сұлтандығына баратын қазақстандық туристер саны артуда. Мысалы, өткен жылы бұл елге сапар шегуші отандастарымыздың саны 37%-ға өсіп, 21 мың адамға дейін жеткен. Ал омандықтар да Қазақстанға 30 күн бойы визасыз келу мүмкіндігіне ие болады.
Сондай-ақ, Оман Сұлтандығы Қазақстанмен саяси және экономикалық байланыс орнатқан алғашқы араб елдерінің қатарында тұр. Салған инвестиция көлемі 253 миллион доллардан асты.
Келесі мақала