дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 16:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ауыр жүк көліктері тас жолды талқан етуде

Ауыр жүк көліктері тас жолды талқан етуде
ашық дереккөзі
Ауыр жүк көліктері тас жолды талқан етуде
Бүгінде елімізде 400 мыңнан астам ауыр жүкт көліктері бар. Ал Жамбыл облысында 4 мыңға жуық самосвал көліктер қалалық және жол құрылыстарында сондай-ақ өзге де нысандарда пайдаланылуда. Құрылыс жұмыстарының қарқынды жүруіне ықпал ететін ауыр жүктері қара жолдың тозуына бірден-бір себеп болып тұр. Өйткені, «Нowo», «Shacman» және «Man» маркалы көліктердің жүк көтергіштері 25 тоннаны құрайды. Алайда, салмағы 15 тоннаға жуық көліктердегі жүк көлемі 40 тоннадан асып түседі. Осылайша, мұндағы жүктеме тиісті құжаттағы стандарттардан да жоғары. «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірдегі филиал мамандары мұндай жағдайлар күре жолдардың уақытынан бұрын тозуына алып келетінін айтып дабыл қағуда. Мамандардың сөзінше, республикалық жолдардың басым бөлігі қайта құру мен жаңа құрылыстың есебінен жүргізіледі және соңғы 10 жылда әрбір оське 13 және 10 тонна жүктеме есептелген. Өкінішке қарай, өңір аумағында жылжымалы көлік бақылау пунктері болғанымен, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын үнемі бақылау мүмкін емес.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар