дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 18:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бір өңірде 10 мектеп директорына жеке кәсіппен айналысқаны үшін айыппұл салынды

Бір өңірде 10 мектеп директорына жеке кәсіппен айналысқаны үшін айыппұл салынды
ашық дереккөзі
Бір өңірде 10 мектеп директорына жеке кәсіппен айналысқаны үшін айыппұл салынды
Маңғыстау облысында 10 мектептің директоры жеке кәсіппен айналысқан. Ал заң бойынша елімізде мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына кәсіпкерлік арқылы табыс табуға болмайды. Қазір заңсыздыққа барған мектеп басшыларына 200 АЕК көлемінде айыппұл салынып отыр. Одан бөлек, Қарақия ауданында жеке кәсіпкерлікпен балабақша директоры да айналысқан. Оның бизнестен түскен 18 млн теңгеге жуық табысы мемлекет пайдасына тәркіленді. Сондай-ақ бұрын сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыс жасаған адамды жұмысқа алған Құрық портының басшысы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Барлығы – Ақтау, Жаңаөзен аудандарына қатысты мектеп директорлары. Одан бөлек, 4 мемлекеттік қызметші бар. 3 жергілікті атқарушы органға қарайтын кәсіпорын басшылары осы кәсіппен айналысуға тыйым салынған шектеулерді сақтамағаны үшін жауапқа тартылды, - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы Қайрат Бәйгебаев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар