бейсенбі, 19 маусым, 2025 21:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Айбота Ертайқызы Азия чемпионы атанды

Айбота Ертайқызы Азия чемпионы атанды
Фото: Qazsport телеарнасы
Бұл туралы Қазақстан спорт комитеті хабарлады.

Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Құрлықтық додада ол 28.150 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Аталған сайыста өзбекстандық Наталья Усова (27,55 ұпай) екінші, жапониялық Рейна Матсусаки (27,2 ұпай) үшінші орын алды.

Бұл сайыста тағы бір қазақстандық Айым Мейіржанова 27.000 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады.

Айбота бұдан жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында төрт жаттығу бойынша 82.200 ұпай жинап, қола медаль алған еді.

Айбота Ертайқызы 2004 жылы дүниеге келген. Қазірге дейін ол 2024 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен құрлықтық додада чемпионы атанған еді. Сондай-ақ бірнеше мәрте күміс және қола жүлдеге қол созды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар