Айгүл Иманбаева көпшілікке күйеуін көрсетіп, оны туған күнімен құттықтады
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 11.9k
Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаева өмірлік жаpын туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Өнер иесі өз жазбасында күйеуімен ортақ достары таныстырғанын атап өткен.
"Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште, біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы Құдайға деген - сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және “Көптің тілеуі көл” деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым! Жаратқанға алғысым шексіз. Бүгін менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын. Сен маған әйеге тән нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын жаратқаным. Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік", - деген Айгүл Иманбаева.
Сондай-ақ актриса көп тілеуі көл екенін айтып, өзіне тілекші болған халыққа алғысын білдірген.
"Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын. Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын. Әр әйел бақытты болуға лайықты!", - деп жазды ол.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024