«Жейтін нан таппай, аш отырдық»: Сметов балалық шағындағы қиындықтарды ұмыту надандық болатынын айтты
- авторjambylinfo.kz
- 10 қыркүйек, 2024
- 1.1k
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов «Tungi Studio» бағдарламасында балалық шақта жоқшылықтың кермек дәмін татқанын айтып, естеліктерін әңгімелеп берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Бағдарлама жүргізушілерінің «чемпион атанған соң елдің құрмет-қошеметінен жұлдыз ауруына шалдыққан жоқсыз ба?», - деген сауалына ол былай деп жауап берген.
“Мен жұлдыз ауруымен ауырмаймын. Себебі балалаық шағымда қиындық көп көрдім. Әкем ауылдан қалаға қатынап құрылыста жұмыс істеді. Ал анам үй шаруасында болды. Тіпті кейде анам басқалардың үйін тазалап, ақша тауып жүргенін де өз көзіммен көріп өстім. Нанға ақша таппай отырған кездеріміз де болды. Барлығы кеше болғандай көз алдымда тұрады. Бұл сәттерді ұмытып, баршылыққа мастанып кетіп қалсам, бұл менің надандығым болады деп санаймын. Бұл жағдайлар маған бір жағынан мотивация болды. Біз барлық сынақтардан өттік, олар мені қолдағы барымды бағалай білуге және ата-анама лайықты өмір сүруге ұмтылуға үйретті», – дейді Елдос Сметов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
«1 млн. 107 600 теңге»: Жамбылдық ұстаздар ақшалай сыйақыға ие болды
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024