Қазақстанға БҰҰ-ның делегациясы келді
7-8 шілде күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Астана форматында» Сирия бойынша келіссөздердің кезекті раунды өтеді. Бүгін Қазақстан елордасына БҰҰ делегациясы келді.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтанға БҰҰ Бас хатшысының Сирия бойынша арнайы елшісі Гейр Педерсен жетті. Ол бұған дейін алдағы кездесуге қатысатынын қуаттаған болатын.
7-8 шілдеде өтетін «Астана форматындағы «Сирия бойынша келіссөздерге Сирия Араб Республикасы атынан Сыртқы істер министрлігінің басшысы, ал қарулы оппозициядан Ахмад Тома қатысады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз