Германия астанасында Қазақстан мәдениетіне арналған көрме ашылды
- авторjambylinfo.kz
- 7 шілде, 2021
- 158
Мемлекетіміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өту аясында және Астана күніне орай Германияның елордасы Берлин қаласының «Mall of Berlin» ең танымал сауда орталығында «Табиғат, мәдениет, адамдар. Ғажайып Қазақстан» атты фотокөрме ашылды.
Ашылу рәсімінде Қазақстанның Елшісі Дәурен Кәріпов мемлекетіміздің тарихы мен халқымыздың мәдениеті, сондай-ақ салт-дәстүрлері туралы айтып өтті.
Іс-шараға қатысушылар ата-бабамыз шығарған табиғи өнертабыс – киіз үймен танысып, Қазақстанның заманауи архитектурасын, табиғатын, ұлттық тағамдары мен адамдарын көрсететін фотокөрмені тамашалай алды. Ашылу рәсімі қазақ ұлттық музыкасымен аяқталды.
Арнайы осы көрмеге келген Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері «Mall of Berlin» орталығының қонақтары үшін қазақ халық әндері мен күйлерін орындады. Елшілік пен Қазақстаннан Германияға қоныс аударған немістердің «Qazan e.V.» атты қауымдастығы ұйымдастырған көрме 5-17 шілде аралығында өтеді.
Осы кезеңде көрмеде сонымен қатар Қазақстанның отандық өндерушілері өздерінің экологиялық өнімдерін ұсынады.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз