Қазақстан азаматтарына Шарм-эль-Шейхке кіруге жаңа шектеулер енгізіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 27 тамыз, 2025
- 539
1 қазаннан бастап 21 жасқа дейінгі Қазақстан азаматтары Шарм-эль-Шейхке өз бетінше ұша алмайды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Енді жас туристер тек ата-анасы немесе жақын туыстарының қасында ғана саяхаттай алады.
Жаңа ережелерге сәйкес, егер сапарға 21 жастан асқан туысымен – ата-әже, бауыр немесе әпкесімен бірге шықса, нотариалды расталған сенімхат қажет болады. Сенімхат орыс тілінде де қабылданады. Сонымен қатар, саяхат кезінде паспорты мен туу туралы куәлігі де болуы керек.
Әуе компаниясы атап өткендей, FlyArystan чартерлік рейстерімен турпакет аясында қонақ үйде тұрумен ұшатын туристер үшін бұрынғы тәртіп сақталады – виза қажет емес.
Жас қазақстандықтар үшін жаңа шектеулерді ескеру маңызды, ал қалған туристер үшін демалыс шарттары өзгеріссіз қалады.





