жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан азаматтығын алу үшін емтиханға өтініш қабылдау 2 қыркүйектен басталады

Қазақстан азаматтығын алу үшін емтиханға өтініш қабылдау 2 қыркүйектен басталады
Фото: gov4c.kz
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы мәлімдеді

Ұлттық тестілеу орталығы Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер үшін тестілеу мерзімдері мен ережелерін жариялады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тестілеуге өтініштер 2–10 қыркүйек аралығында app.testcenter.kz сайтында қабылданады. Сондай-ақ өтініш UTO қосымшасы арқылы да берілуі мүмкін. Емтихан 11 қыркүйекте өтеді.

Емтихан үш блоктан тұрады:

Қазақ тілі бойынша тест – 30 тапсырма, өту үшін минимум – 15 ұпай;

ҚР Конституциясының негіздері бойынша тест – қазақ немесе орыс тілінде, 40 тапсырма, өту үшін минимум – 20 ұпай;

Қазақстан тарихы бойынша тест – қазақ немесе орыс тілінде, 30 тапсырма, өту үшін минимум – 15 ұпай.

Барлық тапсырмалар бойынша максималды ұпай – 100. Өту үшін кемінде 50 ұпай жинау қажет. Тестілеу ұзақтығы – 2 сағат 10 минут. Мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут беріледі.

Қатысу бағасы – 14 693 теңге. Сонымен қатар, Ұлттық тестілеу орталығы сынақ емтихан нұсқаларын ұсынады: тегін – сайттағы "претенденттерге" бөлімінде, ақылы – app.testcenter.kz сайтында "пробный тестілеу" бөлімінде, бағасы – 3 355 теңге.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар