Қазақстан құрамасының экс-футболшысы кәсіби мансабын аяқтады
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 мамыр, 2025
- 202
Ғафуржан Сүйімбаев 34 жасында спорттық мансабын аяқтады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол 1990 жылы дүниеге келген. 2007 жылдан бастап кәсіби футболда «Ордабасы», «Қайрат», «Ертіс» және «Ақсу» клубтарының намысын қорғаған.
Сүйімбаев 2014–2022 жылдар аралығында Қазақстан құрамасы сапында 42 матч өткізіп, 4 гол соқты.
Биыл ол Бірінші лигада өнер көрсететін павлодарлық «Ертіс» клубына ауысқан болатын. Алайда жарақатына байланысты келісімшартты мерзімінен бұрын бұзуға мәжбүр болды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұрдәулетов павлодарлық «Ертіс» клубының бас бапкері қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметке 2025 жылдың қаңтар айында келген.
Қазіргі таңда «Ертіс» клубы Бірінші лигада бес тур қорытындысы бойынша 13 ұпаймен көш бастап тұр. Команданың еншісінде төрт жеңіс пен бір тең ойын бар.