«Қазақстан теміржолы» - жемқорлықтың жемсауына айналған – Мақсат Толықбай
- авторjambylinfo.kz
- 12 маусым, 2024
- 593
Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай «Қазақстан теміржолы» компаниясы жемқорлықтың жемсауына айналғанын айтып, компанияға қатысты жеке парламенттік тыңдау өткізуді және ашық тексеру жүргізуді талап етіп отыр. Бұл туралы ол фейсбук желісіндегі парақшасында жазған, -деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Депуттатың сөзінше, соңғы 4 жылда теміржол саласын дамытуға шамамен 2 триллион теңге бөлінген. Алайда, бұл қомақты қаражат айтарлықтай ештеңе өзгерпеген.
«Қазақстан теміржолы» компаниясына қатысты айтылатын әңгіме көп. Шынында, сапа төмен, сын көп. Терезесі ашылмайтын, кондиционері істемейтін, қабырғасында тарақандар жүретін ескі вагондарды айтпағанда, пойыздардың кешігу уақыты антирекордтық көрсеткішке жетті. Тек 2023 жылы жолаушылар пойызының кешігуі 412 сағатты құрады»,-деп жазған ол.
Сондай-ақ депутат компанияның қарызы да шаш етектен екенін алға тартқан.
«ҚТЖ 3 триллион теңгеге жуық қарызын қалай жабатыны белгісіз. Компания қарызды қарыз алу арқылы жабу әдетке айналдырған. Ал жүк транзиті туралы толық мәлімет жоқ. Теміржолдағы майшелпек салалар жекенің (делдал) қолына өтіп кеткен. Тіпті, бір топ депутат сұрау салсақ та, КТЖ-дағы топ-менеджерлердің айлығы мен бонустарын әлі біле алмай келеміз. Жабық мекеме…»,-деді депутат ашынып.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз