жексенбі, 24 қараша, 2024 3:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды

Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды
ашық дереккөзі
Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен су бөлу туралы келісімдерге қол қояды
Қазақстан үкіметі Өзбекстан және Қытаймен трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Министрдің айтуынша, географиялық ерекшеліктеріне байланысты Қазақстанның сегіз су шаруашылығы бассейнінің жетеуі – трансшекаралық. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай, Ресей және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді.
«Мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Қытай үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген», деді Нұржігітов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланып отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар