Жаңалықтар
Бұқар Жырау ауданындағы жарылыстан екі адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 30 қаңтар, 2024
- 265
Бұқар Жырау ауданындағы жарылыстан екі адам қаза тапты
2024 жыля 30-қаңтарда сағат 00:07-де Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылындаеы екі қабатты 12 пәтерлі үйде газ баллоны жарылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тұрғын үйде барлығы 46 адам тұратын, ал жарылыс кезінде үйде 35 адам болған. Оқиға туралы аудан әкімі Абылай Сұлтанғали Истаграм парақшасына жазған.
Соңғы ресми дерекке сүйенсек, құтқару жұмыстары кезінде үйінді астынан 2 өлі және 5 жаралы адам табылған. Түрлі дене жарақаттарымен Бұқар жырау аудандық ауруханасына 3 бала жеткізілген.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз