Жаңалықтар
Қазақстанда 14 мың ата-ана баласы өскенде ЖОО-да білім алуы үшін депозитке ақша жинап жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 6 маусым, 2023
- 220
Қазақстанда 14 мың ата-ана баласы өскенде ЖОО-да білім алуы үшін депозитке ақша жинап жатыр
Елімізде 14 149 AQYL мемлекеттік білім жинақтау депозиті ашылған, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Бұл депозиттің мақсаты – оқу ақысын төлеу үшін ақша жинақтау.
Бастапқы жарна - 3 АЕК, яғни 10 350 теңге.
Жинақтау мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін.
AQYL білім депозитін ашу үшін екі құжат қажет: ата-аналарының бірінің жеке куәлігі және баланың туу туралы куәлігі мен ЖСН.
Салымшы білім грантына ие болса, депозиттен жинақты алуға, ақшаны басқа баланың атына аударуға және білімнің басқа деңгейлерін алу үшін жинақтауды жалғастыруға құқылы.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала