Жаңалықтар
БҚО-да 9 жасар бала судьяның көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді
- авторjambylinfo.kz
- 6 маусым, 2023
- 190
БҚО-да 9 жасар бала судьяның көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді
31 мамыр күні таңертең Жаңақала ауылында белгісіз біреулер аудандық судьяның көлігін өртеп жіберді. Полицейлер көліктің жанынан қамыс салынған пластикалық бензині бар бөтелке тапқан.
Бірнеше күннен соң полиция қызметкерлері күдіктінің үйіне келеді. Олардың айтуынша, көлікті 3 сынып оқушысы өртеп жіберген. Баланың анасы бейне үндеуде өз ұлының жасына байланысты бұл қылмысты жасай алмайтынын және сол түні баласының үйде болғанын айтады.
Әйелдің видео үндеуі желіде жарияланды.
Сол видео тарағаннан кейін полицейлер «күдікті» баланың отбасынан кешірім сұраған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз