дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды шешім – мектеп директоры

Қазақстанда АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды шешім – мектеп директоры
Коллаж Jambylinfo.kz
Мұндай пікірді Сарыкемер ауылы Нығметулла Киікбаев атындағы мектеп директоры Гүлбахрам Серікқызы білдірді

Гүлбахрам Серікқызы 6 қазан күні өтетін жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауын жасайтынын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Қазақстанда АЭС салу ел ертеңі үшін маңызды қадам. Себебі АЭС салу энергетикалық тәуелділіктен босатып қана қоймай, елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. АЭС-қауіпсіз әрі экологиялық таза энергияны тұрақты өндіруге жол ашады.Бұл бастама күннің жарығы мен жылуы адам баласына қандай қажет болса, ұланғайыр қазақ жерін игеру үшін, еліміздің дамып, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін, балаларымыздың болашағы үшін өте қажет.Ендеше, белді бекем буып, ел болып батыл шешім қабылдайтын уақыт келді. Сондықтан баршаңызды 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, алдағы жылдардағы ел тағдырын айқындайтын маңызды шешім қабылдауға шақырамын» дейді ол.

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар