жұма, 24 қаңтар, 2025 23:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда АЭС-ті кім салады?

Қазақстанда АЭС-ті кім салады?
Фото malim.kz
Министр Сәтқалиев көпті алаңдатқан сұраққа жауап беріпті

  Күні кеше Мемлекет басшысы қабылдауында болған Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңыздылығы түсіндірілген. Бүгіндері Алматыда жүрген министрге журналистер қауымы көпті алаңдатқан сұрақты тағы қойып көрді, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz  

Кеше, 23 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Еліміздің энергетика саласындағы негізгі мәселелер тақысы барысында Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Есімхановтың сөзінше, энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бастаған делегация Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей және Францияның әлемдік өндірушілерімен танысып шыққан.

Қажет жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бірнеше сұрақ дайындап қойдық. Президенттің тапсырмасымен министрлік әлеуетті вендорлармен тиісті келіссөз жүргізіп жатыр. Сондықтан осы жылдың бірінші жартыжылдығында, мамыр-маусым айларында әлеуетті вендорлар туралы ақпарат болып қалады. Қай елдермен жұмыс істей бастайтынымызды айтамыз, - деді Сұңғат Есімханов.

Ол АЭС құрылысы үшін консорциум құрылатынын да еске салды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар