Маңғыстауда сарбазды өлтірген офицерге 13 жыл жаза сұралды
- авторjambylinfo.kz
- Бүгін, 15:25
- 61
Маңғыстауда 18 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты іс бойынша прокурор айыпталушыға 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Досовтың бұл әрекетті абайсызда жасадым деген сөзіне күмәнмен қарау керек. Ол қарумен жұмыс істеу ережелерін білуі тиіс болатын, себебі оған алдын ала нұсқаулық берілгенін куәгерлер растады", – деді Жұмағалиева.
Прокурордың сөзінше, әскери оқу орнын бітірген взвод командирі қарудың қауіпсіздік ережелерін толық білуге міндетті болған және оны адамдарға бағыттауға еш құқығы жоқ еді.
Қаза болған сарбаздың ата-анасы ұлдарының өліміне байланысты моральдық зиян үшін 50 млн теңге өтемақы талап етті.
Оқиға 2024 жылдың 7 қыркүйегінде полигондағы жаттығу кезінде болған. Дамир Досов тапаншадан рұқсатсыз оқ атқан, ал оқ сарбаздың бетіне тиген. Оқиға салдарынан жарақат алған сарбазды ауруханаға жеткізбей, жолда көз жұмды.
Сарбаздың әкесі қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министріне өтініш жасап, тергеудің әділ және мұқият жүргізілуін талап етті. Жалғыз ұлынан айырылған әке бұл жағдайды кездейсоқ оқиға деп санауға келіспеді.
Осы күні бұл іс қасақана адам өлтіру ретінде тергеліп жатқаны жарияланды. Күдікті қамауға алынған.
Бақытжан Бекболат
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз