дүйсенбі, 17 наурыз, 2025 0:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда алғашқы отандық айналмалы спринклер өндірісі іске қосылды

Қазақстанда алғашқы отандық айналмалы спринклер өндірісі іске қосылды
Фото: Ortcom.kz
Зауыт жылына 1000 жаңбырлатқыш машина шығаруға қауқарлы

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

ADAM компаниялар тобы 2024 жылы «SU BEREKE» брендімен алғашқы отандық айналмалы спринклер өндірісін іске қосты. Бұл жоба суару жүйесінің тиімділігін арттырып, қолжетімді техниканың тапшылығын азайтуға бағытталған. Жаңбырлатқыштар суды біркелкі таратып, шығынды 30-40%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

2024 жылы өнім СТ-KZ және ЕАЭО сәйкестік сертификаттарын алды. Қазірдің өзінде 30 машина шығарылып, оның 7-уі Шығыс Қазақстан облысында пайдалануға берілді.

2025 жылы компания өндірісті кеңейтуді жоспарлап отыр. Бірінші тоқсанда Шығыс Қазақстан облысында екінші зауыт іске қосылып, жылына 1000 бірлік техника өндіру көзделген. Бұл жоба елдің ауыл шаруашылығы секторын шетелдік техникаға тәуелділіктен арылтып, кепілдік пен сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етпек.

Сонымен қатар, өнімдер Орталық Азия мен ТМД нарықтарына экспортталатын болады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар