Жыл басынан бері Жамбыл облысында 1 198 этникалық қазақ қандас мәртебесіне ие болды
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 ақпан, 2025
- 199

2025 жылдың 1 қаңтарына 703 отбасыдан тұратын 1 198 адамға қандас мәртебесі берілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына сілтеме жасап. Сондай-ақ, 95 отбасыдан тұратын 116 адамға қандас мәртебесі ұзартылды.
Өткен жылы келген қандастардың дені 88,7 пайызы көршілес Өзбекстан, 4,3 пайызы Қырғыз Республикасы және қалған 6 пайызы басқа да елдерден келген.
Қандас мәртебесін алу мемлекеттік қызметі цифрландырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырмастан, «Құтты мекен» мобилді қосымшасы арқылы өтінім бере алады.
Жалпы ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылдың шілдесінен бастап шетелде тұрып жатқан қазақтарға араналған арнайы «Ата жолы» карталарын беру үрдісі қолға алынды.
Әзірге облысқа «Ата жолы» бағдарламасы аясында этникалық қандастар өтініш білдірмеген. Аталған картаның басты басымдықтарының қатарына шетелдегі ұлты қазақ ағайындарымыздың 10 жылға дейін біздің елде тұруға және жұмыс істеуге, әлеуметтік көмектер, тегін білім алуға, бизнес ашуға келген елінен азаматтығын сақтай отырып жұмыс жүргізуге мүмкіндік береді.