жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қарасорадан қағаз өндіру жоспарлануда

Қазақстанда қарасорадан қағаз өндіру жоспарлануда
Фото: yuz.uz
Сондай-ақ Азат Сұлтанов қарасорадан қағаз жасау өндірісін Солтүстік Қазақстан облысында қолға алу қаралып жатқанын тілге тиек етті.

 Елімізде қарасораны өндірістік мақсатта қолданбақ, қазір өндіріс мәселесін инвестор зерделеп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz  kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлім етті.

  Әзірге қарасора өндірісі басталған жоқ. Қазір инвестор зерттеу жүргізіп, жер таңдап жатыр. Жалпы, өндіріс технологиясына байланысты шешім қабылданады. Өндірілетін өнім бойынша айта кету керек, бұл салада өнім түрлері өте көп. Қағаз өнімдерінен бастап, майға дейін өндіруге болады. Алайда бізде техникалық қарасораны өсіруге ғана рұқсат етілгенін ескере отырып, яғни құрамында есірткілік зат болмайды, негізгі өнім жоғары деңгейде қорғалған қағаз болуы мүмкін, — деп жауап берді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің мәлімдеуінше, қарасорадан жасалған қағаз — жеке куәлік, төлқұжат, банк құжаттарына арналған экспорттық өнім болмақ.

  Сондықтан әзірге инвестор зерделеп жатыр. Ол нарықтағы сұранысқа қарай бейімделеді. Сонымен қатар барлық өнім, болжам бойынша, экспортқа бағытталады, — дейді ведомство басшысы.

 

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар