Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша жаңа келісім жасалды
- авторСадуақас Айсұлу
- 8 шілде, 2025
- 528
Денсаулық сақтау министрлігі халық үшін дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыру мақсатында «Химфарм» АҚ, «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС және «АстраЗенека Қазақстан» ЖШС сынды ірі компаниялармен меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Келісімдер шеңберінде өмірлік маңызды және жоғары құнды препараттардың бағасын төмендету көзделген. Меморандумдар инновациялық терапияға қолжетімділікті арттыру, баға тұрақтылығын сақтау және саланың әлеуметтік жауапты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
«АстраЗенека» бөлшек және көтерме саудадағы бірқатар дәрілердің бағасын төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. «Johnson & Johnson» компаниясы сирек кездесетін жұлын бұлшықет атрофиясын емдеуге арналған «Спинраза» препараты бойынша баға саясатын қайта қарауға келісті.
Сондай-ақ, «Химфарм» 2 типті қант диабетін емдеуге арналған «Дапаглифлозин» препаратының сатып алу бағасын төмендетуге дайын екенін растады.
Меморандумдарда баға динамикасын бақылау, сауда үстемелерін сақтау, инновациялық қаржыландыру тетіктерін дамыту және заңнаманы жетілдіру бағытында өзара іс-қимыл көзделген.
Министрлік фармсекторды халық денсаулығын нығайту мен сапалы медициналық көмекке үлес қосуға шақырады.





