жұма, 11 қазан, 2024 4:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда қазіргі таңда Ресейдің 22,5 мың азаматы жұмыс істейді-Министр

Қазақстанда қазіргі таңда Ресейдің 22,5 мың азаматы жұмыс істейді-Министр
ашық дереккөзі
Қазақстанда қазіргі таңда Ресейдің 22,5 мың азаматы жұмыс істейді-Министр
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, Қазақстанда қазіргі таңда Ресейдің 22,5 мың азаматы жұмыс істейді, деп хабарлайды Jambylinfo Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап «Ресей азаматтары бойынша айтарым, біз «жұмыс істейді» деп тек зейнетақы жарнасы түсіп жатқан азаматтарды ғана санаймыз. «Жұмысқа келдім, кірмекшімін» деген сөздерді біз жұмыс орыны деп есептемейміз. Кеше ғана білдім: Ресейдің 22,5 мыңы азамат біздің елде зейнетақы жарнасын төлеп жатыр. Соның ішінде жылдың басынан бастап 8 мыңға жуық ресейлік азамат жұмысқа тұрып, зейнетақысын аударуда», - деді Тамара Дүйсенова үкімет кулуарында.  
Оның айтуынша, Ресейден келгендердің ішінде 72 пайызы қызмет көрсету саласында, 16 пайызы өнеркәсіпте, 9 пайызы құрылыста және 2 пайызы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Ресейліктер көбінесе клиенттермен жұмыс істейтін менеджерлер, бухгалтерлер, сатушылар, автокөлік айдаушылар болып жұмыс орналасып жатыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар