жұма, 11 қазан, 2024 2:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Миллиардер Юрий Мильнер Ресей азаматтығынан бас тартты

Миллиардер Юрий Мильнер Ресей азаматтығынан бас тартты
ашық дереккөзі
Миллиардер Юрий Мильнер Ресей азаматтығынан бас тартты
2014 жылы Ресейден кеткен кәсіпкер әрі DST Global қорының негізін қалаушы Юрий Мильнер Ресей азаматтығынан бас тартқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Жамбыл инфо  Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап
"2014 жылы Ресей Қырымды басып алғаннан кейін біз отбасымызбен Ресейден біржолата кеткен едік. Ал осы жазда біз Ресей азаматтығынан бас тарту процесін ресми түрде аяқтадық", – деп жазды Мильнер. Айта кетейік, Юрий Мильнер – технология секторындағы ең ықпалды жаһандық инвесторлардың бірі. Ол DST Global қорының негізін қалаушы, сонымен қатар Mail.Ru Group компаниясының бұрынғы ортақ иесі және директорлар кеңесінің төрағасы. Мильнер 1999 жылы-ақ Израиль азаматтығын алған еді. Әр жылдары ол Израильде және АҚШ-та тұрды. Forbes дерегі бойынша, биылғы ресейлік миллиардерлер рейтингінде Юрий Мильнер 15 орында тұр. Оның байлығы 7,3 миллиард долларға бағаланған. Сондай-ақ Deutcshe Welle агенттігінің хабарлауынша, 1 қыркүйекте "Тройка Диалог" инвестициялық компаниясының бұрынғы қожайыны және "Сколково" мектебінің ортақ құрылтайшысы миллиардер Рубен Варданян Ресей азаматтығынан бас тартатыны туралы айтқан.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар