дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 10:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30%-ға жетті

Қазақстанда басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30%-ға жетті
ашық дереккөзі
Қазақстанда басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30%-ға жетті
Қазақстанда кейінгі 2 жыл ішінде басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 30 пайызға жетті. Мұны БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде «Techno Woman» коммерциялық емес ұйымының президенті Азиза Шужеева мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «Биыл корпоративтік секторда әйелдердің басшылық лауазымдарды иеленуі бойынша Қазақстанда зор серпіліс болды. Бұл бағытта біз Орталық Азия елдерінің алғашқы қатарында тұрмыз. Қазақстан – әйелдерді квазимемлекеттік сектор корпорацияларының директорлар кеңесі мен басқармаларында, «Самұрық-Қазына» компаниялар тобында ілгерілету үшін 30% квота бөлген жалғыз мемлекет», - деп тоқталды Азиза Шужеева. Қоса кетсек, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның «Жаһандық гендерлік алшақтық-2022» зерттеуінің қорытынысына сай, гендерлік теңдік бойынша 80-орыннан 65-орынға көтерілді. Сондай-ақ, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы алдағы 3 жылда отбасын қолдау орталықтарының санын 234-ке жеткізуді жоспарлап отыр.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар