дүйсенбі, 25 қараша, 2024 0:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша әлемдік рейтингіде 65-орынға көтерілді

Қазақстан гендерлік теңдік бойынша әлемдік рейтингіде 65-орынға көтерілді
ашық дереккөзі
Қазақстан гендерлік теңдік бойынша әлемдік рейтингіде 65-орынға көтерілді
Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы «Жаһандық гендерлік алшақтық-2022» зерттеуінің қортындысына сай, гендерлік теңдік бойынша 80-орыннан 65-орынға көтерілді. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко айтты, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. «ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия 20 жылдан астам уақыт ішінде халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде өзін қалыптастыра білді. Ұлттық комиссия Қазақстандағы барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуде, гендерлік теңдікті қалыптастыруда ірі жобаларды іске асырып, мәселелерді уақтылы шешіп келеді. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижесінде Қазақстан гендерлік теңдік бойынша өз көрсеткіштерін жақсартты. Дүниежүзілік экономикалық форумның зерттеуіне сәйкес, еліміз 80-орыннан 65-орынға көтерілді», - деді Елена Тарасенко. Сонымен қатар, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның биылғы жұмыстарының қорытындысы мәлім етілген брифингіде отбасын қолдау орталықтарының санын көбейту жоспарланғаны айтылды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар