Жол маманы болғысы келетін жастар көп
Бүгінде қай салада болмасын кадр тапшылығы бар. Кадрлық дефицит жол саласында да аз емес. «Инженерлік мамандық азайса, инновация болмайды» деген ұстанымды берік ұстанған «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» Бас Директоры Замир Садықұлы оқу орындары мен өндіріс арасында тығыз байланыс орнатуды мықтап қолға алды. Мәселен, оның бастамасымен 2020 және 2021 жылдары «1000 мектеп» бағдарламасы іске қосылса, биыл бұл мектептің саны 2 мыңға жетіп отыр.
Жемісті жоба шеңберінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» өңірлік филиалының қызметкерлері де оқу орындарына арнайы атбасын бұрып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жыл басынан бері мамандар 120 білім ошағына барып, ондағы бітіруші түлектермен кездесті. Еркін форматта өткен жүздесу барысында жол саласының қызметкерлері өскелең ұрпақты «бағытынан адасып, бақытынан қол үзбеуге» шақырды. Бұдан бөлек, оқушылардың бұл салаға деген ынтасын ояту мақсатында жүйелі түрде «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып, онда филиалдың жұмысымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде қиындығы мен қызығы қатар жүретін мақтаулы мамандыққа түсуге ниет білдіргендердің қатары көбейе түскен.
- Өз басым мамандық таңдауда асықпаған жөн деп есептеймін. Өйткені, болашақ өміріңде жетер жетістігің, алар асуың сүйікті ісіңе тікелей байланысты. Бала күнімнен жаратылыстану бағытындағы пәндерді сүйіп оқимын. Сол себепті, техникалық мамандықтарға оқуға түсемін деп жоспарлап жүр едім. Мен оқитын мектепке арнайы келген жол саласының мамандары бұл пікірімді пісіре түсті. Бұйыртса, мектепті тәмамдаған соң, жол саласына қатысы бар мамандыққа оқуға түссем деймін. Бастысы, сапалы білім алып, алдыңғы буын ағаларым секілді абыройлы еңбек еткім келеді, - дейді 11 сынып оқушысы Әзиз Мұратов
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024