Жаңалықтар
Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін марапаттады
- авторjambylinfo.kz
- 6 желтоқсан, 2022
- 245
Облыс әкімі прокуратура қызметкерлерін марапаттады
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Прокуратура күні мерекесімен сала қызметкерлерін құттықтап, бірқатар азаматтарды марапаттады.
Облыстық прокуратура ғимаратында өткен салтанатты шараға сала қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Алдымен сөз алған облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров прокуратура органдарының жұмысының маңыздылығын, аймақтағы сала мамандарының атқарып жатқан жұмыстарының ауқымдылығын тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Бас Прокурордың және облыс прокурорының бұйрығымен бірқатар азаматтарға марапаттар тапсырылды.
Бұдан соң облыс әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтау сөз сөйледі.
— Мемлекеттік органдар жүйесінде Прокуратураның алар орны қашанда ерекше.
Бұл салаға, Еліміздің игілігі үшін қызмет ету, Заң күзетінде тұру, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекет пен қоғам мүддесін қолдау сынды маңызды міндеттер жүктелген.
Әрі, Прокуратура мемлекеттің жоғары қадағалау органы болғандықтан, заң үстемдігі, құқық тәртібі, жалпы қолданыстағы заңдылықты қадағалау басты функционалдық міндеті болып саналатынын баршамыз жақсы білеміз.
Ал, бұл мақсаттарға қол жеткізу мәселесі прокурорлық қадағалаудың қарышты даму жолымен жүзеге асатыны белгілі.
Заң мен құқықтық тәртіптің сенімді қорғаушысы ретінде, азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқығын қорғап, қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күресте заңдылықтың сақталуын, жалпы мемлекетте құқықтық саясатты жүзеге асыру бойынша міндеттеріңізді ойдағыдай атқара отырып, сіздер қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың кепілі болып табыласыздар,-дей келе аймақ басшысы бүгінде облысымыздағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын сақтаудағы жергілікті сала мамандарының үлестерін атап өтті.
Айта кетейік, ағымдағы жылы облыстың прокуратура органдары орын алған заң бұзушылықтар бойынша 993 прокурорлық шара көру актілерін қолданып, нәтижесінде 44 мыңнан астам адамның Конституциялық құқықтарын қорғады. Сондай-ақ, мемлекетке 3,5 млрд. теңгегеден астам қаржылар мен мүліктерді қайтарды.
Нұржан Нұржігітов сала қызметкерлерін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
Өз кезегінде обллыстық мәслихаттың хатшысы М. Сарыбеков, прокуратура саласының ардагері М. Сатыбалдин және тағы басқалар өздерінің құттықтауларын білдірді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Жол маманы болғысы келетін жастар көп
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Педагог категориясының өсуі жалақыға қаншалықты әсер етеді?
- авторjambylinfo.kz
- 24 қараша, 2024