жұма, 16 мамыр, 2025 19:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда бензин қымбаттай ма?

Қазақстанда бензин қымбаттай ма?
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Мамыр мерекелері қарсаңында бензин мен дизель отынының бағасы көтеріле ме деген сұраққа Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов жауап берді.

Мәжіліс кулуарында сөйлеген министр ақпан айында бензин мен дизель отынына мемлекеттік баға реттеуі алынып тасталғанын еске салды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Енді баға ішкі сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасады.

«Қазір елімізде бензин жеткілікті. Егер қателеспесем, қор 42 күннен аса мерзімге жетеді. Сондықтан бағаның өсуіне ешбір негіз жоқ. Бұл дизель отынына да қатысты. Оның қоры шамамен 28 күнге жетеді. Сондықтан дизель тапшылығына алаңдауға еш себеп жоқ», – деді Ақкенжанов.

Министр алдымен дизель отынымен ауыл шаруашылығы өндірушілері қамтамасыз етілетінін атап өтті. Министрлік барлық қажетті көлемді қамтамасыз етіп отыр, сондықтан көктемгі егіс жұмыстары да қауіпсіз өтеді дейді.

«Жалпы алғанда, қазіргі таңда еліміздегі отын нарығы теңгерімді жағдайда. Сұраныс пен ұсыныс жеткілікті деңгейде», – деп түйіндеді министр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар