жұма, 16 мамыр, 2025 4:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мәсімовтың аукционда өтпей қалған зәулім сарайы әлеуметтік қажеттілік үшін қала меншігіне өтті

Мәсімовтың аукционда өтпей қалған зәулім сарайы әлеуметтік қажеттілік үшін қала меншігіне өтті
Ашық дереккөз
18 жылға сотталған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың бас қаладағы зәулім сарайы әлеуметтік мақсаттар үшін қала меншігіне берілді.

Елорданың бай-бағландар қоныстанған Қараөткел ауданында орналасқан бұрынғы Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайы әлеуметтік мұқтаждықтар үшін қала иелігіне өтті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

1,6 миллиард теңгеге бағаланған нысан үш рет аукционға қойылғанымен, сатып алушы табылмады. Енді бұрынғы ҰҚК басшысының экс-резиденциясының тағдырын қалалық билік шешетін болады.

Бұл — жоғары лауазымды шенеуніктерден тәркіленген жылжымайтын мүліктің әлеуметтік мақсаттар үшін пайдалануға берілген алғашқы жағдай емес.

- 2025 жылдың 18 сәуірінде “Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ЖШС мемлекеттік мүлік тізілімі порталында электронды сауда өткізу туралы хабарландыру жариялады. Саудаға Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағынауданы, Ерейментау көшесі, 1-үй мекенжайындағы тұрғын үй қойылды. Бастапқы бағасы 1 685 115 000 теңгені құрады, – деп мәлімдеді Қайтарылған активтерді басқару компаниясы.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар