жұма, 16 мамыр, 2025 12:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Иэн Гэрри Шавкатпен реванш өткізіп, кеткен есені қайтаруға ниет білдірді

Иэн Гэрри Шавкатпен реванш өткізіп, кеткен есені қайтаруға ниет білдірді
Фото: Louis Grasse/Zuma/Tасс
Жартылай орта салмақтағы ирландиялық UFC файтері Иэн Гэрри (16-1) Шавкат Рахмоновпен реванш өткізуге ниет білдірді.

Канзас-Сити (Миссури, АҚШ) қаласында өткен UFC турнирінде Гэрри бразилиялық Карлос Пратеспен (21-7) жекпе-жекте төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетті, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жеңістен кейін ол Шавкат Рахмоновпен екінші рет жекпе-жек өткізу жоспарын құрып, үш кезеңнен тұратын мақсаттарын айқындады.

Алғашқы қадам: UFC чемпионы атану

«Келесі жоспарларым мынадай. Мен Белал Мухаммад пен Джек Делла Маддалена арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездесемін. Белалдың жеңетініне сенімдімін, себебі ол осы салмақтағы ең мықты қарсылас. Содан кейін Белалмен кездесіп, оны жеңемін. Белалдың өзі де мені ең қиын қарсыласым деп санайды», — деді Гэрри.

11 мамырда Белал Мухаммад (24-3) жартылай орта салмақтағы чемпиондық титулын австралиялық Джек Делла Маддаленадан (17-2) қорғауы тиіс. Гэрри титулдық жекпе-жекке қатыспаса да, резервтік файтер ретінде дайын тұр.

Екінші қадам: Махачевті жеңу

Гэрридің жоспары бойынша, Мухаммадты жеңгеннен кейін ол ресейлік Ислам Махачевке (27-1), UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионына қарсы жекпе-жекке шығады. Махачев бұған дейін жартылай орта салмаққа көтеріліп, титул үшін айқасуға ниет білдірген болатын.

«Егер Белал өз титулынан айырылса, Ислам Махачев әлемдегі ең үздік файтер ретінде жартылай орта салмаққа көтеріледі және титул үшін айқасады. Мен оған құрметпен қараймын, бірақ оған қарсы айқасқа дайын болатыныма сенімдімін. Титулды қорғау арқылы өзімді әлемнің жаңа нөмірі бірінші файтері ретінде дәлелдегім келеді», — деп қосты Гэрри.

Үшінші қадам: Шавкат Рахмоновпен реванш өткізу

Гэрри үшінші қадам ретінде Шавкат Рахмоновпен реванш өткізуді жоспарлап отыр. Себебі мансабында тек осы қарсыласына ғана есе жіберген болатын. 2024 жылдың желтоқсанында Рахмонов Гэрриді төрешілердің біржақты шешімімен жеңген еді. Бұл кездесуде Шавкат өз мансабында алғаш рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтай алмаған еді.

«Мен Рахмоновты жеңіп, оның мені ешқашан жеңбегенін дәлелдегім келеді. Міне, менің үш кезеңнен тұратын жоспарым осындай және мен бұл жоспарымның өзгеше болғанын қаламаймын», — деді Гэрри.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар