Жаңалықтар
Қазақстанда бірнеше банк ипотека беруді тоқтатты
- авторСадуақас Айсұлу
- 16 маусым, 2025
- 568
Бұл өзгеріс ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің бірлескен қаулысына сәйкес күшіне енді.
Қазақстанның бірнеше банкі қайталама тұрғын үй нарығынан баспана алуға арналған ипотекалық өтінімдерді қабылдауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ulysmedia.kz cілтеме жасап.
Krisha.kz таратқан ақпаратқа сәйкес, Halyk Bank, Банк ЦентрКредит және Freedom Bank Kazakhstan қайталама нарықтағы пәтерлерге ипотека беруді шектеген. Қазіргі таңда бұл банктер тек бастапқы тұрғын үйге несие беруді жалғастырып отыр, ол да тек серіктес құрылыс компаниялары арқылы жүзеге асырылады. Нақтырақ айтқанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 20%-дан аспайтын құрылыс компанияларынан ғана баспана алуға болады.
Қаржы ұйымдары бұл шектеулердің мерзімі мен нақты шарттары кейінірек жарияланатынын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда өсімдік майын өндіретін ірі өндіріс орны іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Тәуелсіздік күніне орай ХҚО-лардың жұмыс кестесі өзгерді
- авторСадуақас Айсұлу
- 13 желтоқсан, 2025






